2016-2017 оқу жылында «Зайсан технология колледжі» КММ-нің директоры Ерік Тақанұлы Сейлханов   Қытай Халық Республикасындағы  «Синьцзян аграрлық кәсіптік – техникалық институтына» тәжірибе алмасу  мақсатында  барып, биылғы оқу жылында «Ветеринарлық-санитар» тобының ІІ, ІІІ курс студенттерін өндірістік тәжірибеден өтуге екі жақты келісім шарт жасалды.

  

 

Келісім шарт бойынша 05.05.2017 -28.05.2017 аралығында «Зайсан технология колледжі» КММ-нің «Ветеринарлық-санитар» тобының ІІ, ІІІ курстан 7 студент және өндірістік оқыту шебері Б.Т.Айтбаева жетекші ретінде  ҚХР Чанцзи қаласындағы "Синъцзянаграрлық кәсіптік -техникалық институтынан" өндірістік тәжірибеден өту үшін жіберілді. Тәжірибе алмасудың қадамдық  жоспары жасалынып,   жоспар   бойынша  оқу орнымен, оқу ғимараттарымен, материалдық-техникалық базасымен, студенттердің тыныс-тіршілігімен, мамандықтар бойынша оқытылатын заманауи технологияның әдіс-тәсілдерімен, оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен және ректордың орынбасары Ван Хэбо және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры Чжан Сяо цинь институттың ішкі тәртіп ережесімен, қауіпсіздік ережесімен таныстырып, қол қойғызды.

                                     

 

Ветеринария мамандығының оқу кабинеттері мен зертханалық –тәжірибелік кабинетіндегі жабдықтар түрлері: хирургиялық ота жасауға арналған құралдар, рентген аппараты, ота айнасы, УЗИ аппараты және басқа да құралдарды қолдану әдістерін меңгерді.
Институттың  ветеринария саласының инженер-педагогикалық құрамымен танысып, ветеринария мамандығында білім алып жатқан институт студенттерімен бірге  теориялық және тәжірибелік сабақтарда, яғни «Хирургия», «Жануарларды емдеу тәсілдері» пәндерінен теориялық дәріс беріліп,  зертханалық-тәжірибелік (ЛПЗ) сабақтарда дезинфекция жасау, кішігірім ота жасау, емдеу, дәрі -дәрмектерді қолдану, малдарды азықтандыру тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындады. Тәжірибелік сабақтар күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша әр күнге 4 сағаттан 64 сағат көлемінде өтті.

 

 

Сенбі, жексенбі күндері Чанцзы қаласының салт-дәстүрлері, мәдениетімен таныстыру мақсатында қаланың көрікті жерлері, «Достық» кинотеатр, «Диназавр» мұражайы, кіші әскери қалашығымен және жылқы фермасы, мал азықтандыру фирмасы және шаруа қожалықтарына  барып қайтты.

 

         

 

   

 

        

 

 

 

      Тәжірибе барысында  студенттер ұйымдастырушылармен және институт студенттерімен орыс, қытай  тілдерінде тек сөйлеу үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыстағы әріптестерін, лекция курстарын түсіну үшін негізгі қарым-қатынас сөздерді  үйреніп, тілдесіп  өзара тығыз қарым-қатынаста болды.
      Студенттерді қытай халқының  тілі, тарихы, саясаты, экономикасы мен мәдениеті және оқытушылардың кәсіби деңгейінің биіктігі қанаттандырды. Тәжірибеден өту кезінде білім берудегі ақпараттық жүйе, оқытудың әдіс-тәсілдері, сабақ құрылымының әдістемелік негізі, сондай-ақ зертханалық-тәжірибелік жұмыстарда жүйелі түрде атқару мүмкіндігі жоғары кәсіби деңгейде ұсынылды. Ерекше әсер қалдырғаны – институттың ветеринария саласының профессорларының оқытудағы әдіс-тәсілдерінің қарапайымдылығы мен тиімділігі болды.
      Тәжірибе соңында институт басшылығы студенттерді тәжірибе барысындағы белсенділігі үшін Алғыс хаттар мен сертификаттар табыстап,   тәжірибе жетекшісіне институт оқытушыларымен студенттерімен тәжірибе алмасу барысындағы шеберлігі үшін Құрмет грамотасымен және сертификатпен марапатталды.
      ВС-3 тобының ІІІ курс студенті, халықаралық тәжірибе алмасуға қатысушы Кеңесов Тілектің пікірі: Біздің оқу орнымыз  ҚХР "Синъцзян аграрлық кәсіптік -техникалық институтымен" халықаралық ынтымақтастықты орнатып, ветеринария мамандығы бойынша тәжірибе алмасуды жолға қойды. Сол мақсатта мен және курстастарым халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болдық. Институтта тәжірибеден өту арқылы  әлемдік білім кеңістігіне ену, ғылыми ықпалдастыққа қол жеткізуде бірлесе қызмет ете отырып, кәсіби біліктіліктерімізді жетілдіріп, шеберлігімізді шыңдадық. Тәжірибеде хирургиялық ота жасау, клиникалық диагностика, дәрі-дәрмектерді қолдану және дезинфекция жасаудың тәсілдерін меңгердік. Мен колледждің бітіруші түлегі болғандықтан, алған іс-тәжірибемді болашақта ары қарай жетілдіріп,  ветеринария саласының дамуына үлесімді қосуды мақсат етемін. Бізге халықаралық тәжірибе алмасуға жолдама беріп, кәсіби білікті маман болып қалыптасуымызға ықпал еткен колледж басшылығына алғысымызды білдіреміз!