2017 жылдың 07 сәуірі күні  Зайсан ауданына келген күршімдік кәсіпкерлер мен сол аудан әкімдігінің басшылығы қаланың, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, шағын кәсіпорындардың өндірісімен танысып қайтты. Соның ішінде, Күршім ауданы әкімі бастаған кәсіпкерлер,Күршім колледжі директоры Зайсан технология колледжінде болып,білім алып жатқан студенттердің теориялық білімдерін шеберханада практикалық сабақтармен ұштастырып жатқан  іс-әрекеті мен жақсы жетістіктерін көріп, жылыжайдың өнімінен дәм татып, жүйелі жұмысын көріп бағалады.