20.01.2020ж. – 30.01.2020ж. аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай гуманитарлық пәндер бірлестігі ұйымдастырған «ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ-ҰЛЫ АБАЙЫ» атты онкүндік өтті.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын рухани асыл мұраларын насихаттау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтуға, көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

  1. Онкүндіктің ашылуы.
  2. «Адамзаттың Абайы» атты қабырға газеттерді қорғау.

3.«Абай әлемі» атты суреттер көрмесі.

4.«Ғасырлардан ғасырларға жеткен үн» атты кітаптар көрмесі.

5.«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы,  таңырқа» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы.

6.«Абай мұрасы -  халық қазынасы» тақырыбында эссе жазу.

8.«Жидебай қорық мұражайына саяхат» атты деректі фильм көрсету.

9.«Абай – дана, Абай – дара, қазақта» атты дөңгелек стол.

  1. «ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ-ҰЛЫ АБАЙЫ» атты қорытынды әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Онкүндік соңында бірлестік мүшелері Абайдың өнер – білімге шақыратын «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін челендж ретінде колледж политехникалық пәндер бірлестігіне жолдады. Абай Құнанбайұлына арналған мәдени, әдеби сазды шаралар легі жалғасын таба бермек.