Жаңалықтар

20.01.2020ж. – 30.01.2020ж. аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай гуманитарлық пәндер бірлестігі ұйымдастырған «ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ-ҰЛЫ АБАЙЫ» атты онкүндік өтті.

  Колледждің  педагогикалық  ұжымы  жаңа  технологиялар  мен

ақпараттық оқыту технологияларын енгізу бағытында жемісті еңбек етіп келеді.

Оқытудың дуальдық жүйесінің элементтерін енгізу бағытында біраз жұмыстар

атқарылуда.  «Зайсан  технология  колледжі»  КММ  ТжКБ  беруді  жүзеге

асыратын,  Зайсан  ауданын  жұмысшы  кадрлармен  қамтамасыз  ететін  жалғыз мекеме.  Жастарды  ауылға  тұрақтандыру,  оларға  сапалы  білім  беру,  тұрақты жұмыспен  қамту  мақсатында  әлеументтік  серіктестіктермен  тығыз  байланыс орнатып, нәтижелі жұмыс жасап отырған білім ордасы.

2016-2017 оқу жылында «Зайсан технология колледжі» КММ-нің директоры Ерік Тақанұлы Сейлханов   Қытай Халық Республикасындағы  «Синьцзян аграрлық кәсіптік – техникалық институтына» тәжірибе алмасу  мақсатында  барып, биылғы оқу жылында «Ветеринарлық-санитар» тобының ІІ, ІІІ курс студенттерін өндірістік тәжірибеден өтуге екі жақты келісім шарт жасалды.

2017 жылдың 07 сәуірі күні  Зайсан ауданына келген күршімдік кәсіпкерлер мен сол аудан әкімдігінің басшылығы қаланың, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, шағын кәсіпорындардың өндірісімен танысып қайтты. Соның ішінде, Күршім ауданы әкімі бастаған кәсіпкерлер,Күршім колледжі директоры Зайсан технология колледжінде болып,білім алып жатқан студенттердің теориялық білімдерін шеберханада практикалық сабақтармен ұштастырып жатқан  іс-әрекеті мен жақсы жетістіктерін көріп, жылыжайдың өнімінен дәм татып, жүйелі жұмысын көріп бағалады.