Тәрбие жұмысы

Зайсан технология колледжінің акт залында қараша айында «Алтын күз-2019» мерекесі аталып өтті. Табиғат- күллі тіршілік атаулының  қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.  Күздің табиғаттың төрт мезгілі ішінде алатын орны ерекше.

Зайсан технология колледжінде 2019 жылдың 04 қарашасы күні Nur Otan партиясының «Менің Туым, Менің Отаным!» атты рес­пуб­ликалық патриоттық акциясы аясын­да мемлекеттік Туға құр­мет көрсету салтанатты рәсімі өтті.  Іс-шараға колледждің ұстаздары мен ерікті сту­­денттері қатысты.

Мақсаты: ауданда ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында жастарға патриоттық тәрбие беру.

2018 жылы 9 мамыр куні  «Зайсан технология колледжінің» ТМ-13 тобы студенттері Ұлы Жеңіс күніне орай  «Батырлар алаңында» ұйымдастырылған мерекелік жиынға қатысып, құрбан болғандарға тағзым ретінде гүл шоқтарын қойды.

Колледж студенттері Ешмуханбет Ерасыл мен Королев Николай жазғы демалыстарында Өскемен қаласы, «Аюда» бұғазындағы «Алые Паруса» жазғы сауықтыру лагерінде қызықты және көңілді демалып қайтты.  

Тәуелсіздіктің 26 жылдығына тарту ретінде ардагерлер, ұстаздар мен студенттер колледж ауласына шырша ағаштарын отырғызды.  

2017 жылы 3 наурызда Алғыс айту күніне орай  ТМ-9 тобының ұйымдастыруымен «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік шара жоғарғы деңгейде өткізілді.  Бұл шараға жауапты топ кураторы Делегеева Жазира болды.