2019-2020 оқу жылындағы алғашқы қоңырау

      1-қыркүйек Білім күніне орай колледждің  оқу залында «Рухани жаңғыру- ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шығарылған кітаптар қойылды. І курс студенттері мен ата-аналарды көрмеге қойылған кітаптар, бүктемелер, баспасөз материалдарымен таныстырдым. Алдағы уақытта  гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша  әлемдегі ең үздік деген оқу орындарының 100 оқулығы  қазақ тіліне аударылады. Дүние жүзіндегі таңдаулы университеттердің оқулығы негізінде білім алу мүмкіндігі бар екендігі студенттерге айтып таныстырылды.

  

 

 

 

 

 

 

              

Осы колледждің «Ауыл шаруашылығы» тобының 1995 жылғы  түлегі әскери көлік-ұшағы апатынан қаза тапқан ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің майоры Алмаз Шаймұханбетұлы Ибраевқа арналып орнатылған мемориалдық тақта мен бұрышпен таныстырдым.

   

 

,

 

Орынд.кітапханашы Ш.Қ. Карменова     

  (8 778 317 61 67)

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған кітапханашы Ш.Қ. Карменова