Тарихы терең, 
тағылымды білім ордасы

1945 жылы 12 наурызда Қазақ ССР  Халықтық Жер өңдеу Комиссариатының Зайсан ауданында бір жылдық мал шаруашылық механизация мектебін құру туралы № 23 бұйрығы шықты. 
1945 жылы тамыз айында осы аталған бұйрыққа сәйкес Қаратал селосында ауыл шаруашылық механизация мектебі ашылды.
1946 жылы 3 тамызда Қаратал ауылынан Зайсан қаласына көшірілді.
1947 жылы 31 мамырдағы Зайсан аудандық коммуналдық мекемесінің шешімі бойынша сол кездегі Ленин көшесіндегі 23 үй және Шегір көшесіндегі 34 үй механизаторлар дайындайтын курстың оқу орны болып берілген.
1953жылы 2 қарашада  Қаз ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің №588 бұйрығына сәйкес №19 ауыл шаруашылық механизация мектебі №19 ауыл шаруашылық механизация училищесі болып өзгертілді. Училищеде осы уақыттан бастап тракторист, комбайн жүргізушілері 6 айлық оқу мерзіміне, соңынан 1 жылдық оқу мерзіміне ауыстырылды. 
1962 жылдан бастап училище кең көлемді тракторист-машинист мамандарын 2 жылдық оқыту мерзімімен дайындай бастады.